ҚР Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тіркелген көліктер саны туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген көлік құралдарының саны 5 652 355 бірлікті құрады.
Көліктердің ең көп саны Алматы қаласында тіркелген – 655 158 бірлік. Екінші орында Алматы облысы (604 298 көлік), үшінші орында Астана қаласы (416 041 бірлік).
Оның ішінде 4 977 530 жеңіл автокөлік, 559 416 жүк көлігі, 115 409 автобус бар.