Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының ұйымдастыруымен Чехия астанасы Прага қаласында турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарысқа Чехия, Испания, Венгрия, Польша, Қазақстан елдерінен 13, 15, 17 жасқа дейінгі тоғызқұмалақ шеберлері қатысқан.
Павлодар спортшысы Азамат Халел рапид бойынша бірінші орын алса, классикадан үшінші орынды жеңіп алған.