• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының өкілдері Қазақстанға келді

23 рет
көрсетілді

Деректерді ұсыну және азаматтық, эксперименттік авиациядағы оқиғалар мен инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ведомствоның көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнында жүр. Тергеп-тексеру жұмыстары аясында тиісті шаралар қабылданып жатыр», делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстанға Әзербайжан Республикасы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы, сондай-ақ Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келіп жеткенін айта кету керек.Барлық жұмыстар Әзербайжанның авиациялық билігімен бірлесе жүргізіліп жатыр.

«Сондай-ақ Қазақстанға Embraer әуе кемесін өндіруші компания өкілдері және CENIPA (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы, Бразилия) ұшып келеді», делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, Ақтау қаласына Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия құрамында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, көлік вице-министрі Талғат Ластаев, көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Нұржан Ахметов барды.