• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2015

Қостанайда 20000-шы машина сапқа қойылды (фото)

332 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 1 мамыр.  «АгромашХолдинг» зауытының өндіріс алаңында  20 000-шы машина құрастырылды.  Мерейлі автомобиль SsangYong Nomad болды. Бұл туралы  egemen.kz тілшісі хабарлады. Бес жыл ішінде AllurGroup автомобиль компаниясының  тобына кіретін екі өндіріс алаңынан 20 000 машина шығарылса, оның 14 542-і  «АгромашХолдинг» зауытында құрастырылды, қалғаны «СарыаркаАвтоПром» зауытының конвейеріне тиесілі. Қостанайда алғаш 2010 жылы оңтүстік кореялық бренд  SsangYong маркасының  77 машинасы шығарылды. Келесі жылы зауыттағы көрсеткіш бірден 10 есе көбейді. 2012 жылы екінші өндіріс алаңында ZAZ, УАЗ және  Iveco секілді әлемдік брендттер қолға алынды. Ал 2013 жылы «Сарыарка Авто Пром» зауытының өндіріс алаңында Қазақстанда бірінші рет ұсақтүйінді өндіріс желісі іске қосылды. Қазір бұл желіде SsangYong Nomad және Toyota Fortuner әлемдік бренд көліктер құрастырылады. Биыл екі зауыттағы брендтер қатары  Peugeot көлігінің төрт моделімен толықтырылды. Қазір AllurGroup тобы қатарына кіретін өндіріс алаңдарындағы өндірілген өнімнің қазақстандық мазмұны 30 пайызды құрайды. «СарыаркаАвтоПром»  зауытының өндіріс алаңында ауыр коммерциялық Iveco техникасы төтенше жағдайда пайдаланатын, денсаулық саласына икемделген және бензовоз секілді арнайы мамандандырылған  құрамда дайындалады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz