• RUB:
    5.05
  • USD:
    527.23
  • EUR:
    544.05
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Жаңаөзендегі гибридті электр станциясының құрылысы наурыз айында аяқталады

26 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында күн, жел және газ энергиясымен жұмыс істейтін 247 МВт гибридті электр станциясы салынып жатыр. Бүгін Мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин және Самат Мұсабаев осы станцияның құрылысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Нысан құрылысы 2024 жылы басталған. Ол – «Қазмұнайгаз» ҰҚ және италиялық «ENI» компаниясының бірлескен жобасы. Бас мердігер – «Hi-Teck «Qazaqstan» серіктестігі.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде көміртектік бейтараптық стратегиясын жүзеге асыру басталғандығын атап өтті.

«Күн электр станциясы 50 МВт, жел станциясы 77 МВт және газ станциясы – 120 МВт қуатпен жұмыс істейді. Гибридті станция  Жаңаөзен қаласындағы кәсіпорындарды, мұнай өндіруші компаниялар мен «Қазмұнайгаз» газ өңдеу зауытын электр энергиясымен тұрақты түрде қамтамасыз етеді», деді Е.Жаңбыршин.

Құрылысшылармен әңгімелесу барысында депутаттар Парламентте қабылданған заңдардың жүзеге асырылуы жөнінде пікір алмасты. Әсіресе, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы заңның артықшылықтарын ортаға салып, бұл құжатты Президенттің қоғамда әділдік орнатуға бағыттағанына назар аударды.

Айта кету керек, Маңғыстауда салынып жатқан гибридті электр станциясы инновациялық жоба. Елімізде алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Станция іске қосылған соң 70 адам жұмыспен қамтылады. Аймақты энергиямен қамтамасыз етудің жаңа көздері көмірқышқыл газының қалдықтарын азайтады. Станция құрылысын 2025 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланған.