Әлем • Бүгін, 11:30

Мексика президенті Солтүстік Америка құрлығын басқаша атауды ұсынды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Дональд Трамп «Мексика шығанағын» «Америка шығанағы» деп атауға ниетті екенін мәлімдеп, өзiнiң әкiмшiлiгi тарапынан қайта атау шешімі жуырда жасалатынын мәлімдеген еді, деп жазады Egemen.kz.

Мексика президенті Солтүстік Америка құрлығын басқаша атауды ұсынды

Фото: instagram/claudia_shein

Ал, Мексика президенті Клаудия Шейнбаум «Мексика шығанағы» атауын халықаралық институттар бұрыннан танып келгенін айтқан және ол бүкіл құрлыққа «Мексика Америкасы» тарихи атауын қайтаруды ұсынды. (Солтүстік Америка құрлығын айтып отыр).

Баспасөз конференциясы барысында құрлықтың тарихи карталарын таныстырған К.Шейнбаум: «Шын мәнінде, 1607 жылдан бастап, Апацинган құрылғаннан бері ол Мексика Америкасы болды», деді.