• RUB:
    5.12
  • USD:
    524.75
  • EUR:
    540.6
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:20

Ақмола облысында жол жағдайын елемеген 14 шенеунік жазаланды

26 рет
көрсетілді

Олардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жол пайдалану бөлімінің басшылары мен ҚТЖ жол учаскелерінің басшылары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер рейд жүргізіп, қысқы жолдардың жағдайын тексерген. Тексеріс кезінде жол бөлігін қардан уақытылы тазартуға, көктайғаққа қарсы материал қосуға, қапталған қарды шығаруға баса назар аударылған.

ҚР ӘҚБтК 631-бабы бойынша «Астана - Петропавл» республикалық маңызы бар трассасының өзіне ведомстволық бағынысты учаскесін күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамаған жергілікті ДЭУ бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осыған ұқсас бұзушылықтар «Алматы - Екатеринбург» халықаралық маңызы бар трассасында анықталған.

«Құзырлы қызметтер жол жамылғысын тазалауды ұйымдастырмаған, соның салдарынан апаттар болуы мүмкін. Ақмолалық полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғалары мен болуы мүмкін қайғылы салдардың алдын алу үшін жол ұйымдарының басшыларына мердігер ұйымдардың басшылығы тарапынан бақылауды күшейтуді және алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеуді қатаң ұсынып отыр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақмола облысында 43 сараптама жүргізілген. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша ұйғарым шығарылып, орындау мерзімдері белгіленген.