• RUB:
    5.16
  • USD:
    530.24
  • EUR:
    543.97
Басты сайтқа өту
Жәдігер Бүгін, 08:17

Түрік қағандығы туралы тағы бір мәлімет

37 рет
көрсетілді

Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты Моңғолияның Арханғай аймағындағы Номғон алқабында 2019 жылдан бері бірлескен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі. Академия ондағы Құтлұқ қаған бітіктасының төменгі бөлігіндегі бірсыпыра таңбаға «жан біткенін» мәлімдеп отыр.

2022 жылы Номғон-2 ғұ­рып­тық кеше­нінде жүргізіл­ген археологиялық жұмыстар кезінде өзге де маңызды тарихи жәдігерлермен қатар көне түрік және соғды жазулары қашалған бітіктастың жоғарғы бөлігі табылған болатын. Бұл жазуларды оқу нәтижесінде көне түрік бітік жазуымен жазылған мәтіннің 12 жолы («Құтлұқ қаған Түрік ... Тәңір ұлы ...») және соғды тіліндегі мәтіннің 6 жолы («Кутлуг хакан...») оқылып, зерттелді. Мә­лі­меттер осы археологиялық ес­керт­кіштің Құтлық қағанға тие­сілі ғұрыптық кешен болғанын ғылыми тұрғыдан дәлелдейді.

2023 жылы жоғарыда атал­ған бітік­тас­тың төменгі бөлігі табылды. Бұл бө­лік­­те де жазулар сақталған. Алайда қат­ты за­қымдалған ежелгі түрік жазуы оқу­ға келмеді. Дегенмен бітік­тастың арт­қы жағындағы іші­нара сақталған қы­тай иеро­глифтерін белгілі бір деңгейде оқу­дың мүмкіндігі туды. Өткен жылы атал­ған ес­керт­кіш Түр­кі ака­де­мия­­сы мен Моң­ғолия Ғылым ака­­­демиясының Ар­хео­логия инс­­титуты тарапынан Ұлан-Ба­тыр қаласында та­ныстырылды. Сол ара­лықта Ішкі Моң­ғолия уни­верситетінің (Қытай) мамандары — профессор Боржигитай Мө­рөн, ғылым докторлары Чуй Нинг және Сугар арнайы шақы­ры­­лып, қы­тай мәтінін оқу-анық­тау жұмыстары жал­ғасқан болатын.

Бітіктастың төменгі бөлігіндегі қы­тай жазуы жоғарыдан төменге қарай таң­баланған, ал жолдар оңнан солға қа­рай ор­наласқан. Бұл бөліктегі 15 жолдың 3-8 жолы оқылды. Әр жолда шамамен ­24 иероглифтен бар, жалпы саны 290-300 иероглифті құрайды.

Ішкі Моңғолия универ­сите­тінің жоғарыда аталған ма­ман­­­дарының көме­гімен осы қаң­­тарда бітіктастың төменгі бө­лі­гіндегі қытай мәтінінің бір бө­лігі сы­рын ашты. Осы жұмыс нәти­ж­сінде, 4-жолда «Түрік» сөзі мен «Кұтлұқ» ата­ғы (қытайша оқы­луы: «Гу-ду-лу») анық­талды.

Түркі академиясы мен Моң­ғолия Ғылым академиясының Архео­логия инс­титуты бұл жаңа­лық Номғон-2 ғұ­рып­тық ке­ше­нінің көне түрік кезеңіне, атап айтқанда, Екінші Түрік Қаған­дығын құрған Елтеріс Құтлық қаған (682–692) дәуіріне тиесілі екенін мәлімдеп отыр.