Көңілге дем беретіні, жайлы мектеп жергілікті ұлт тілінде жұмыс істейді. Мектеп директорының міндетін атқарушы Әйгерім Қошанованың айтуынша, мұнда оқушыларға бар жағдай жасалған. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 4 спорт зал, заман сұранысына орай барлық қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған пән кабинеттері, салтанат залы, іші кең асханасы, кітапханасы, хореография залы, медициналық блогы бар. Әр сыныпта 25 оқушыдан оқитын 60 сынып жасақталмақшы. Мектепте жалпы саны 350-ден астам кабинет бар.
«Жайлы мектепті салған мердігер компания – «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мектептің ерекшелігі, мұнда балалардың қызығушылығын туғызатын STEM лаборатория, робототехника кабинеттері мен химия, физика зертханалары бар. Мектеп бір ауысыммен ғана жұмыс істейді, түске дейін оқушылар сабақ оқыса, түстен кейін қосымша үйірмелермен қамтылады. «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында іске асырылған бұл жобаның құны 6 миллиард теңгеден асады», деді өз сөзінде мердігер компанияның бас директорының стратегиялық жобалар жөніндегі орынбасары Әлібек Қайролла.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ұлттық жоба шеңберінде облыста бірнеше «Жайлы мектеп» құрылысының басталуы болашаққа жасалған қамқорлық.
Көкшетау