«Қазгидромет» РМК 17 қаңтар, жұма күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасының аумағында солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашынды әкеледі», делінген хабарламада.
Солтүстік облыстарда қар жауады, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.