Ауыл 29 Қаңтар, 2025

Ауыл халқына неге көштің деп қай бетімізбен айтамыз - Ринат Заитов

144 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Ринат Заитов Премьер-Министр Олжас Бектеновке еліміздегі ауылдардың ауыр жағдайда тұрғанын айтып, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ринат Заитов тиісті инфроқұрылымның, сапалы медицина мен білімнің, тұрақты жұмыс пен табыстың жоқтығынан халқымыздың көп бөлігі «алтын бесігін» амалсыздан тастап кеткенін тілге тиек етті. Соның салдарынан кейінгі 55 жылда ШҚО-да 350 ауыл, СҚО-да 635, Павлодар облысы бойынша 352 ауыл бос қалса, биыл СҚО-да 141 ауыл мәртебесінен айырылғанын атап өтті.

«Бүгін де ауыл тұрғындары өз күшімен қандай да бір іс бастайын десе де кедергілер өте көп, мал бағып, егін өсірейін десе, жері, кәсіп бастайын десе, қаржысы, қажетті инфроқұрылымы да жоқ. Тұрғындарын былай қойып, ауылдың әкімінде де қарапайым қажеттіліктерді өтейтін бюджетте техника да, пәрмен де жоқ. Ауылдарды осындай күйге жеткізген соң, ауыл халқына неге көштің деп қай бетімізбен айтамыз? «Арқада аяз болмаса, арқар ауып несі бар» дегенді бәріміз білетін шығармыз?», деді ол.

Осыны айта келе Ринат Заитов Премьер-Министрге төмендегі ұсыныстарды жеткізді:

Ауыл әкімдерінің пәрменін күшейту; Ауылдарды техникамен қамту; Үкімет басшылығы және облыс әкімдері деңгейінде қоныс аудару жөніндегі мемлекеттік комиссия құру; Ауылдық жерлерге жастарды тұрақтандыру және қоныстандыруға бағытталған жұмыс жоспарын құру, оны ауылдық жастарға жеткізу.