Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында көшкін жүріп, бір адам қаза тауып, 28 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті үкіметтің мәліметінше, 8 ақпан күні таңертең Ибинь өлкесінің Цюньлинь округіне қарасты Цинпин ауылында болған көшкіннен кейін аймақта тұратын 360 адам эвакуацияланған.
Сонымен қатар, көшкін салдарынан 10 үй мен өндірістік ғимарат қирап қалған. Сондай-ақ билік көшкіннің қайталану қаупі бар екенін ескертті.
Құтқарушылар дрондар мен радарлардың көмегімен жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр.