• RUB:
    6.03
  • USD:
    518.31
  • EUR:
    567.96
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Ақпан, 2025

Астана-Самарқанд әуе бағыты іске қосылады

112 рет
көрсетілді

Осы жылдың 1 мамырынан бастап Астанадан тікелей Самарқандқа жеткізетін әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл бағыт Түркістан арқылы ыңғайлы транзитпен жүзеге асырылады.

Астана-Самарқанд әуе рейсі аптасына екі рет әр бейсенбі және жексенбі орындалады.

Рейстер кестесі келесідей :* Бейсенбі:IQ369 Астана 16:15 – Самарқанд 20:00IQ510 Самарқанд 21:00 – Астана 01:30

* Жексенбі:IQ369 Астана 07:25 – Самарқанд 11:00IQ510 Самарқанд 12:00 – Астана 15:30

Сонымен қатар апта сайын әр бейсенбі және жексенбі күндері Түркістан-Самарқанд әуе рейсі орындалады.

Бейсенбі:Түркістан 19:10 – Самарқанд 20:00Самарқанд 21:00 – Түркістан 21:50

Жексенбі:Түркістан 10:10 – Самарқанд 11:00Самарқанд 12:00 – Түркістан 13:00