Аймақтар 25 Ақпан, 2025

«ҚазАвтоЖол» көкпаршыларға ескерту жасады

124 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде көкпаршылардың  «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының бойында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен атпен өткен видеосы тарады. Осы оқиғаға байланысты «ҚазАвтоЖол» компаниясы көкпаршыларға ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.

Автожол бойындағы көпірлер адамдардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін салынады. Компания мұндай көпірлерден жылқы және өзге жануарлармен өтуге болмайтынын мәлімдеп, көкпар аттары арнайы көлікпен тасымалдануы тиіс екенін ескертті.