• RUB:
    5.89
  • USD:
    505.15
  • EUR:
    550.31
Басты сайтқа өту
Қылмыс Кеше

Астананың бизнес-орталығында алаяқтардың ошағы анықталды

57 рет
көрсетілді

Астанада алаяқтардың байланыс орталығы таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, колл-орталық қаладағы бизнес-орталықтардың бірінде орналасқан.

– Олар өздерін «Техносмарт», «Байзон», «Like me shop» интернет-дүкендерінің қызметкері ретінде таныстырған және адамдарға ұтып алған көлігі, пәтерлері үшін салықтық төлемдер аудару қажеттігі жөнінде хабарлап отырған, – деп жазылған хабарламада.

Ведомство өкілдері жедел іс-шаралар жүргізу барысында кеңсенің алты қызметкері ұсталғанын айтты. Олардан жеті ноутбук, бағдарлаушы және Wi-Fi роутер тәркіленді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда интернет-алаяқтар кеңсесі таратылып, 29 адам тергеуге алынған.

Жуықта Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы ескерткен.