Бүгінде әлемнің бірнеше елінде арнайы музыкалық жолдар бар. Көлік дөңгелектері бұл жолдармен жанасқанда діріл нақты бір әуенге ұласады.

Әрине, әуеннің дұрыс шығуы үшін жүргізуші белгіленген жылдамдықпен жүруге тиіс. Алғашқы мелодиялық жол — «Асфальтофон» деген атпен 1995 жылы Данияда салынған. Бұл – ұзақ әрі тақтайдай теп-тегіс трассаларда жүргізуші қалғып кетпес үшін таптырмас шешім.