• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Үкімет 02 Сәуір, 2025

Кибералаяқтыққа қарсы заң талабын күшейту ұсынылды

73 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек киберқылмыстың алдын алу шараларына қатысты бірқатар ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттың айтуынша, кейінгі 5 жылда алаяқтық әрекеттер саны 1,5 есе өскен. Соның жартысы интернет арқылы жасалады. Шенеуніктің сөзіне сүйенсек, былтырғы жылы интернет-алаяқтықтың 22 мыңнан астам жағдайы тіркелген, ал олардың залалы шамамен 45 млрд теңгені құраған. Соған орай Бақытжан Базарбек киберқылмысты болдырмау және оны заңмен жазалау шараларын қатаңдату керектігін жеткізді. Олар:

Киберқылмысқа қатысты заңнамада «алдау» және «сенімді пайдалану» терминдерінің анықтамаларын нақтылау. Алаяқтық үшін  ұсталған қылмыскерді бас бостандығынан айыру мерзімдерін арттыру. Қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілей отырып, қосымша жаза қолдану мүмкіндігін қарастыру. Кейіннен қаржылық тәуекелдерді жүктей отырып, мобильді қосымшалардың қауіпсіздігі үшін, сондай-ақ кейіннен сот практикасын қайта қарай отырып, оффроуд операциялары мен күдікті транзакцияларды бақылау бойынша банктердің жауапкершілігін көздеу.