Аймақтар 03 Сәуір, 2025

Алматыда алаяқтықпен айналысқан үш шетел азаматы ұсталды

41 рет
көрсетілді

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті үш шетелдік азаматты ұстап, жалға алған пәтерде тінту жүргізу барысында алты SIM-бокс анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл құрылғылар алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасау, хабарламалар жіберу және абоненттік нөмірлерді өзгерту үшін қолданылады. Сондай-ақ, әртүрлі мобильді операторлардың 5 мыңнан астам SIM-картасы тәркіленді.

«Аталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстык кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша – «ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату» қылмыстық іс тіркелді», делінген хабарламада. 

Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды. Қазіргі таңда олардың интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексеріліп жатыр.