Спорт 07 Сәуір, 2025

Оралда арқан тартыстан рекорд орнатылды

173 рет
көрсетілді

Орал қаласында арқан тартыстан ҚР-ның рекорды орнады, деп жазады Egemen.kz.

«Жайық» және «Еділ» командалары өзара мықтыны анықтау тұрғысында тартысып, «Жайық» командасы жеңіске жеткен.

Аталған шарада 200 адам бір мезетте арқан тартқан. 

Рекорд 5 сәуірде тіркелген.

Qazsporttv мәліметінше аталған жетістік ресми түрде тіркеліп, Орал қаласы арқан тартыс бойынша Қазақстанның рекордтар кітабына енді.