Ғалам ғажаптары 08 Сәуір, 2025

Дәрігер «iPhone»

55 рет
көрсетілді

Apple компаниясы «iPhone» құрыл­ғысын жеке дәрігерге айналдыруды көздеп отыр.

Енді смартфондағы «Денсаулық» қосымшасының жаңартылған нұсқасы жасанды интеллект арқылы әр адамның жеке ерекшелігіне сүйеніп, физиологиялық һәм психологиялық саулығына нақты ұсыныстар айтады. Жүйе құлаққап пен камера арқылы жүрек соғысын, ұйқы сапасын, тамақтану тәртібін, қадам санын талдайды. Сол арқылы қолданушыға кешкі кофеден бас тарту, күн тәртібіне серуен қосу сияқты нақты кеңестер ұсынылады. Мамандар бұл технология ауруларды ерте анықтауға көмектеседі деп отыр.