• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2010

ҮЙ МӘСЕЛЕСІ: АЛА АЛАСЫҢ БА, ӘЛДЕ ЖОҚ ПА?!

576 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда халықтың ара­сында әлеуметтік сала, оның ішінде мемлекеттік және жалға берілетін пә­терлер мәселесі қызу талқыға тү­сіп жүр. Оған осы пәтерлерді бөлу кезінде жіберілген түрлі заңсыз­дықтар себеп болуда. Кеше “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратында Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 16-шы отырысында осы мәселе жан-жақты сараланды. Басқосуға Парламент депутаттары, Бас про­ку­ратура, Қаржы полициясы, Қаржы министрлігі, Құрылыс және тұғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында сараптама­лық комиссия мүшелері Астана, Алматы қалалары мен Павлодар, Оң­түстік Қазақстан облыстары бой­ынша мемлекеттік тұрғын үй қо­ры­нан бөлінген пәтерлерді тарату мә­се­лелері бойынша талдау нә­тиже­лерін талқылады. Бұған билік пар­тиясының қоғамдық қабылдау бө­лім­деріне түскен шағымдар себеп бол­ған көрінеді. Жиынға қатысқан комиссия өкілдерінің айтуынша, тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасын жүзеге асы­ру бойынша кейбір тексерілген өң­ір­лер жұмысы талапқа сай кел­мейді екен. Мұндай қорытындыға келуге жергілікті атқарушы орган­дар ма­ман­­дарының өрескел заң бұзушы­лық­­тарға жол бергендігі де түрткі болыпты. Мәселен, Павлодар облысында “Қалалық ком­муналдық шаруашы­лығы” мемлекеттік кәсіпорны арқылы көп пәтер кезексіз тара­тыл­ған екен. Яғни, тиісті бақы­лау­дың жоқтығынан бұл азаматтардың тең жартысы ешқандай заңды құжатсыз баспанаға ор­наласқан болып шықты. Бұған қоса, арнайы жүр­гізілген зерттеу нәтижесі бой­ын­ша бұл кәсіпорынның балан­сында жатақханадан бөлінген 42 бөлме бар екендігі де анықталған. Сол секілді Оңтүстік Қазақстан об­лысының Арыс қаласы мен Ор­да­басы, Сарыағаш, Сайрам, Мақ­та­арал аудандарында да пәтер беру ке­зінде ешқандай кезектің сақтал­мағаны белгілі болып отыр. Мәсе­лен, Сайрам ауданында 2010 жыл­ға дейін баспанаға зәру азамат­тарды кезекке қою жұмысы жүйесіз жүргізілген. Бұған аудандық ком­му­налдық шаруашылық бөлімі қыз­мет­керле­рінің 5 пәтердің кімге тап­сырыл­ғаны жөнінде құжатты көрсете алмағандығы себеп болған көрінеді. Отырыста осы мәселе бойынша ой-пікірлерін жеткізген комиссия мүшелері баспана беру кезіндегі заңсыздықтар Алматы қаласында да тіркелгендігін алға тартты. Бұл жер­де де тұрғын үй комиссиясы құ­рыл­маған, баспана алуға кезекке тұр­ған азамат­тардың тізімі түзіл­меген. Ал ең көп заң бұзушылық Астана қаласында анықталыпты. Мұнда соңғы екі жыл ішінде пәтерге мұқтаж жандар кезегі екі есеге дейін артып кеткен. Басқосу кезінде сөз алған “Нұр Отан” ХДП Төра­ғасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин аталған мәселенің өзектілігіне тоқ­тала келе, тұрғын үй саласындағы тәртіп бұзушылық пен заңсыз­дық­тарды жүйелі түрде шешу қажет­тігін атап көрсетті. Отырыс соңында кеңес мүше­ле­рі мұндай заң­сыздықтар жемқор­лықтың кеңінен етек алуына жол ашады, сондықтан, оны бір жүйеге келтіру қажеттігін атап айтты. Жа­қын күндері аталған қала, облыстар бойынша жинақталған барлық мәліметтер Үкіметке және тиісті құ­­қық қорғау органдарына жіберіледі. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.