• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Желтоқсан, 2025

Қосшыда мектеп маңында жолаушылар автобусы өртенді

30 рет
көрсетілді

Бүгін таңертең Косшы қаласындағы мектептердің бірінің маңында жолаушылар автобусы отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тілсіз жау шамамен 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби іс-қимылының арқасында өрт қысқа уақыт ішінде толығымен сөндірілді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің нақты себептерін анықтап жатыр.

      Посмотреть эту публикацию в Instagram      

Публикация от Egemen Qazaqstan (@egemenkz)

Соңғы жаңалықтар