• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ән 28 Қаңтар, 2026

Елордада фортепиано кеші өтті

10 рет
көрсетілді

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі көрерменге фортепиано музыкасының кешін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Концерттік бағдарламада Д.Шостаковичтің №2 концерті, С.Рахманиновтың таңдамалы прелюдиялары және А. Скрябиннің этюдтері орындалды.

Музыка кешінде Ресей және Башқұртстанның Халық әртісі, П.И.Чайковский атындағы және Лидстегі беделді халықаралық байқаулардың лауреаты – Владимир Овчинников, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының профессоры, беделді халықаралық конкурстардың жеңімпазы және мәртебелі «Steinway Artist» атағының иегері – Юрий Богданов өнер көрсетті.

Еске салайық, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі 1991 жылы Қазақстан Республикасының Халық әртісі, оркестрдің көркемдік жетекшісі Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылған еді.

Соңғы жаңалықтар