• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2015

Солтүстік Қазақстанда мас жүргізушілер азаймай тұр

261 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 25 ақпан. Солтүстік Қазақстан облысында өткен «Қауіпсіз жол республикалық жедел-профилактикалық алдын-алу шарасына 550-ге жуық полицей, 105 автопатруль жұмылдырылды. Қосымша постылар қойылған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. ОІІД басшысының орынбасары Серік Ыдырысовтың айтуынша, рейд облыс орталығымен қоса 13 ауданды түгел қамтып, учаскелік инспекторлар да тартылған. Өкініштісі сол, өңірде жол ережелерін өрескел бұзу фактілерінің кемитін түрі байқалмайды. Бір күнде ғана 394 жол ережелін сақтамау фактілері тіркелген. Олардың арасында ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қарсы бетке шығу кету секілді жайттар жиі кездескен. Тәртіп бұзушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынған. Ең сорақысы, 24 жүргізушінің арақ ішіп алғаны анықталған. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz. Сурет: news.nur.kz.