• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шахмат Бүгін, 08:15

Бибісараның табысы – 10 668 доллар

10 рет
көрсетілді

2026 жыл табалдырық­тан аттағалы бері түрлі турнирге қатысу арқылы ең көп табыс тапқан шахматшылардың тізімі жарияланды.

Олжаға кенелгендер қата­рын­да Бибісара Асаубаева да бар. Ол әйелдер арасында жетінші орын­да тұр. Блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанған қазақ қызы биыл 110 668 доллар (54,7 млн теңге) көлемінде сыйақы ал­ған екен. Жақында Асаубаева Нидерландтың Вейк-ан-Зее қала-сында өткен шахмат фестиваліне қа­тысып, 14 таңдаулы ойыншы ара­сынан бесінші орынды иеленді.

Бұл тізімде Қытайдың қос ойын­шысы – Цзюй Вэньцзюнь ($381 869) мен Тань Чжунъи ($315 529) көш бастап тұр. Одан кейінгі сатыларға Анна Музычук (Украина, $166 653), Чжу Цзиньэр (Қытай, $152 604), Хампи Конеру (Үндістан, $152 449), Карисса Йип (АҚШ, $131 935), Вайшали Рамешбабу (Үндістан, $96 031), Александра Горячкина (Ресей, $92 271), Дивья Дешмукх (Үндістан, $87 335) сынды шахматшылар жайғасты.

Соңғы жаңалықтар