• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2015

Қостанайда су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары басталды

270 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 25 ақпан. Қостанай облысында көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындық жұмыстары басталды. Оған облыс бюджетінен арнайы қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстағы төтенше жағдайлар департаменті бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Талғат Кәкімов бүгінгі жағдайға шолу жасады. Биыл су тасқыны 12 мың шаршы шақырымнан астамды құрайды деген болжам бар. Ол жерлерде 600 мың тұрғыны бар 1.471 тұрғын үйл, 35 автокөлік жолдарының учаскілері, 17 электрмен қамтамасыз ету желілері орналасқан. Су басу қауіпі бар аудандарда 52 көшіру бекеті, 48 білім нысандары, үш қонақ үй, бір мәдениет үйі даярланды. Талғат Кәкімов: «Облыста су тасқынына байланысты қалыптасатын төтенше жағдайлар үшін 27 млн. теңге қажы қарастырылған. Сондай-ақ облыс аумағында су тасқыны жағдайын әуеден тексеру жүргізуге 9 млн. 892 мың теңге қаржы бөлінді. Ұшақ үшін келісім шартқа отырдық» деді. Ағымдағы жылы Таран ауданындағы Таран және Майский ауылдарына жақын Аят көлінде, Әулиекөл ауданы Көктал ауылындағы Теректі көлінде мұз жару жоспарланған. Көлдердің мұзды кептеулерін қопсыту үшін жарылыс жұмыстарына облыс бюджетінен 9 млн. 321,2 теңге бөлінеді. Су тасқынының алдын алу үшін 36 мың шаршы метр мұз аумағы жарылады. Қалалар мен аудандар әкімдігінен қосымша өтініштер келіп түскен жағдайда тиісті аудандарда жарылыс жүргізу жұмыстары ұйымдастырылады. Әрине, мұндай жағдайда жарылатын мұз аумағы үлкейе түседі. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар