• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2015

Бас прокуратура өкілі Дүниежүзілік Банк делегациясымен кездесті

277 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 ақпан. Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Дүниежүзілік Банк делегациясымен кездесті. Тараптар сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасының маңызды іс-шараларының жүзеге асырылуын талқылады. Бұл тураалы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. И.Меркель сот төрелігінің мүмкіндіктері мен тиімділігін арттыру, ақпараттық технологияларды дамыту мен бизнес үшін құқықтық ортаны жақсарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға мүдделілігін білдірді. Кездесуде құқық бұзушылықтың жүйелі профилактикасын әзірлеу, құқық қорғау органдарын жаңғырту, соның ішінде кадр саясаты тұжырымдамасы бойынша шараларды жүзеге асыру, электрондық білезіктерді өндіруді ұйымдастыру, жекенің және мемлекеттің серіктестігі негізінде камералық сипаттағы түзеу мекемелерін салу, «е-айыппұл» бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды. Жобаны жүзеге асыруға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану әңгіменің бөлек тақырыбына айналды. Дүниежүзілік банк делегациясының жетекшісі Амитабх Мухерджи жобаны жүзеге асырудағы қазақстандық прокуратураның рөлін жоғары бағалап, қаражатты тиімді пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екенін растады. Тараптар болып өткен кездесудің қалыптасқан қарым-қатынастың одан әрі дамуы жолындағы жоғары маңыздылығын, оның келешекте Қазақстанның жаңа құқықтық дамуындағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретінін атап өтті. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар