• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №458 

357 рет
көрсетілді

2014 жылғы 27 қазан, Астана қаласы «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №562 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйырамын: 1. «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №562 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде №8265 тіркелген, 2013 жылғы 16 наурызында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған №97-98 (27371-27372)) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ж-1 нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Б.СҰЛТАНОВ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы №458 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №562 бұйрығына 50-қосымша Ж-1-нысан ЖСН/БСН Тапсырыс беруші _______________________________________________________________ толық атауы, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер Орындаушы _____________________________________________________________________ толық атауы, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер Шарт (келісімшарт) _______________________ № ______ «____» ___________ 20__ж. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері* Рет бойын- ша нөмірі Жұмыстардың (қызметтердің) атауы (техникалық ерекшеліктеріне, тапсырмаға, жұмысты орындау кестесіне сәйкес кіші түрлерінің бөлінісінде болған жағдайда) Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) күні** Маркетингтік, ғылымдық зерттеулер, кеңестің және өзге де қызметтер жайлы есептің болуы туралы мәліметтер (күні, нөмірі, парақтар саны)*** Өлшем бірлігі Жұмыстар орындалды (қызметтер көрсетілді) саны бірлік үшін бағасы сомасы 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиыны х Тапсырыс берушіден алынған қорлар туралы мәліметтер ___________________________ атауы, саны, құны Қосымша: _______________________________________________ құжаттамалар тізбесі, оның Ішінде маркетингтік, ғылымдық зерттеулер, кеңестік және өзге де қызметтер жайлы есептер (олар болған жағдайда міндетті) _________ парақта Тапсырған (Орындаушы) ____________/____________/__________ лауазымы қолы қолды таратып жазу Қабылдаған (Тапсырыс беруші) _________/__________/_________________ лауазымы қолы қолды таратып жазу М.О. Жұмыстарға (қызметтерге) қол қойған (қабылдаған) күні _____________ *Құрылыс-монтаж жұмыстарын қоспағанда, жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) өткізу – қабылдап алу үшін қолданылады. ** Егер орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) күні әртүрлі кезеңдерінде түсетін жағдайда, сондай-ақ егер жұмыстарды (қызметтерді) орындау күні, қол қою (қабылдау) күні әртүрлі болған жағдайда толтырылады. *** Ғылыми зерттеулер, маркетингтік, консультациялық және басқа қызметтер туралы есеп болған жағдайда толтырылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 25 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9900 болып енгізілді.