• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2015

Бизнесті трансформациялау – қолайлы жүйе

456 рет
көрсетілді

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың Корпоративтік даму бойынша басқарушы директор Еркін Жусанбаев пен Трансформациялау блогының жетекшісі Алма Сәулебаева баспасөз мәслихатын өткізді. Елімізді ең дамыған 30 мем­лекеттің қатарына қосу тұрғысында Елбасының берген тапсырмасына орай, ұлттық компанияда бизнесті трансформациялау шарасы басталып, оның қалай жүргізіліп жатқаны жөнінде әңгімелеген басқарушы директор, оның тиімді тұстарына тоқталды. «Былтыр «Самұрық-Қазына» қорына қарасты еншілес компаниялар – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Қазпошта, ҚазМұнайГаз, Қазатомпром және басқаларында бизнесті трансформациялау басталды. Трансформация компанияның бизнес үдерісіне терең талдау жасайды. Сол арқылы өнімсіз бағыттарды алып тастап, нарықтағы қажетті қызмет түрлері мен технологияларды, ұсыныстарды қабылдап, өндіріске енгізеді. ҚТЖ-да алғашқылардың бірі болып тәжірибелі сарапшылардың қатысуымен трансформация командасы құрылды.  Бүгінгі таңда олар халықаралық тәжірибеге сүйеніп, жаңа бизнес-модель мен холдингтің үдерісі картасын жасауда. Сол арқылы компания тиімділіктің жаңа деңгейі мен қызмет көрсетудің жаңа сапалық түріне көшеді», деді Е.Жусанбаев. Адам әлеуетін барынша ашып, талантын шыңдау үшін оған барынша қолайлы жағдай жасау компанияның беделінің өсуіне және бизнес үдерісінің тиімділігін көтеруге көмектесетінін айтқан А.Сәулебаева, бұл шараны теміржолшылардың қалай қабылдағаны туралы да әңгімеледі. «Компанияда бизнесті трансформациялау шарасын әуелгі кезде дұрыс түсінбей, бізге оның не қажеті бар деген азаматтар да болды. Бұл игі шараның мән-маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілген соң, теміржолшылар елге пайдасы мол болатын жобаны бірауыздан құптап жатыр», деді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар