• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 08:53

Алматы облысында дауыс беру ақсақалдың ақ батасымен басталды

30 рет
көрсетілді

Шеңгелді ауылдық округі бойынша 6 референдум учаскесі жұмысын бастады. Ондағы сайлаушылардың саны – 5300-ге жуықтайды. Алақандай ауыл тұрғындары референдумға бір кісідей үн қосып, өз таңдауларын жасауды бастап кетті. Алғашқылардың бірі болып референдум учаскесінің есігін ашқан Шеңгелді ауылының ақсақалы Амангелді Беспаев №956 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ақ батасын берді, деп жазады Egemen.kz.

Аманкелді ата ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет етіп, кейіннен ауыл кеңесінің депутаты болған. Ол құрметті зейнет жасына шықса да, қоғамдық жұмыстан алыстамай, қазірде ҚХА жанындағы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, ел үшін еңбек етіп жүр. 

«Бүгін еліміз үшін тарихи сәт. Біз, аға буын өкілдері, әрдайым елдің тағдырына бейжай қараған емеспіз. Сондықтан республикалық референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Ата-бабаларымыз тәуелсіз ел болуды армандады. Бүгін сол тәуелсіздіктің қадірін түсініп, мемлекетіміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысу – әр азаматтың парызы деп ойлаймын», дейді қария.

Алматы облысының әкімі референдумда өз таңдауын жасады

Ауылдық округ тұрғындары саяси науқанға белсене атсалысып жатыр.

Алматы облысында дауыс берушілер тізімі миллионнан асады

Алматы облысы,

Шеңгелді ауылы.

Соңғы жаңалықтар