Атырау қаласындағы №241 референдум учаскесінде дауыс беру күні тұрғындарға ерекше жағдай жасалған. Учаске орналастырылған Ж.Нәжімеденов атындағы №2 мектепте бүгін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәрмеңкеге келгендер өздеріне қажет көкөністер мен сүт өнімдерін тиімді бағамен ала алады. Мысалы, картоптың килограммы – 179 теңге, сәбіз – 147 теңге, пияз – 129 теңге. Сонымен қатар, тұрғындарға түрлі сүт өнімдері де ұсынылған.
Сайрам ауданында жүз жасаған қарт майдангер дауыс берді
Бұл ұйымдастыру тәсілі тұрғындарға өте ыңғайлы болды: сайлауға келіп, өз азаматтық міндетін орындағаннан кейін, бірден күнделікті қажетті азық-түлікті сатып алуға мүмкіндік алады. Көпшілік дауыс беріп болған соң, жәрмеңкеге асығып, қажетті өнімдерін сатып алып жатыр.
Референдум учаскесінде осындай бірлескен шара өткізу азаматтық белсенділікті қолдаумен қатар, тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдететін тиімді тәжірибе ретінде бағаланды.
Брайль қарпі, сурдоаударма және еріктілер: Дауыс беру учаскелерінде барлық жағдай жасалған