Атырау облыстық перинаталды орталығында бүгін екі бірдей үшем дүние есігін ашты. Бұл қуанышты оқиға перинаталды орталық ұжымы мен жас аналардың жақындары үшін ерекше мереке болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Перинаталды орталықта орналасқан №22 жабық сайлау учаскесінде үшем аналары да өз таңдауын жасап, дауыс берген. Солардың бірі – Гүлшат Аханова, Атырау қаласына қарасты Ақжар ауылының тұрғыны. Бұған дейін Гүлшат отбасында үш қыз тәрбиеленіп келген. Енді жаңа үшем қыздары дүниеге келіп, олардың үйінде барлығы алты қыз өсетін болады. Олар қыздарды Нұрила, Сәбира және Хадия деп атаған.
Жетісуда 105 жастағы әже алғашқылардың қатарында дауыс берді
«Бүгін мен дауысымды еліміздің болашағы үшін және қыздарымыздың жарқын өмірі үшін бердім», дейді жас ана.
Тағы бір үшем, үш ұл бала Айдана Ерғалиеваның отбасында дүниеге келді. Жас ана да перинаталды орталықтағы жабық сайлау учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Маңғыстауда бір әулеттің келіндері референдумға қатысты