• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 11:00

Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

10 рет
көрсетілді

15 наурыз күні Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көліктерде тегін қатынау мүмкіндігі ұйымдастырылды. Бұл бастама Амал мерекесі мен референдум күніне орай қолға алынып, тұрғындардың қала ішінде еркін әрі қолайлы қатынауына мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстағы қоғамдық көліктің барлық бағыттары жолаушыларды тегін тасымалдап, тұрғындар арасында мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Аталған игі бастама өңір халқы мен қонақтарының кең қолдауына ие болып, көпшілік тарапынан алғысқа бөленді.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады

Тұрғындар мерекелік күні тегін жол жүру мүмкіндігін жасаған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мұндай әлеуметтік бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Маңғыстауда бір әулеттің келіндері референдумға қатысты

Қоғамдық көлікте тегін жол жүру бүгін сағат 21:30-ға дейін жалғасады. Сонымен қатар түнгі ауысымдағы №10 және №11 қалааралық бағыттары да жолаушыларды тегін тасымалдайды.

Соңғы жаңалықтар