*Президент поштасынан
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстандық спортшы өз хатында Мемлекет басшысына таяуда өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай жолдаған жылы лебізі мен тілегі үшін алғыс айтады.
«Мен туған елімді халықаралық аренада танытып және Қазақстаннан шыққан саңлақ спортшы қандай болатынын бүкіл әлемге көрсете отырып, айрықша мақтаныш пен патриоттық, жауапкершілік сезімдеріне бөленемін. Еліміздегі бокс пен спортты дамытуға қарапайым үлесімді қоса жүріп, Сізге және барша отандастарыма қуаныш сыйлаумен, мемлекетіміздің мерейін өсіру мүмкіндігіне ие болғаным үшін шынайы бақыттымын», – делінген хатта.
Г.Головкин хат соңында Нұрсұлтан Назарбаевтың және барша қазақстандықтардың тарапынан көрсетілген қолдау оның жеңіске деген жігерін нығайта түсетінін атап өткен.