• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2015

Қырылған киіктер Оған кім кінәлі?

303 рет
көрсетілді

21 ақпанда BAQ.KZ сайтында Ақтөбе облысында браконьерлер бір үйір киікті атып тастаған. «Охотзоопром» РМКК мекемесінің инспекторлары кезекті рейдтік тексеру кезінде қырылған киіктің үстінен түскен. «Барлық жануарлардың мүйізін кесіп алып кеткен. Оқиға Қызылорда облысымен шекаралас Ырғыз ауданының аумағында тіркелген. Қазір жедел тергеу тобы құрылып, сол аумақта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызыл кітапқа енген киіктерге қырғидай тигендер әлі табылған жоқ. Табиғатқа келген шығын көлемі анықталуда. Киіктерді жаппай қыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалады», – делінген ақпаратта. Киікті жаппай қыру мәселесі олардың өздерінің табиғи төлдейтін өңірлеріне өте қалмай қалуы салдарынан да болып отыр. Бұған өткен жылы іске қосылған Ар­қалық – Шұбаркөл, Жезқазған – Сек­сеуіл – Шалқар-Бейнеу мыңдаған шақырымдық теміржолдары бойынан ақбөкен­дердің Арқаға қарай қыстауға және төлдеуге өтетін жайдақ тұстары дұрыс салынбағандығы да себеп болып отыр. Еуропалық мемлекеттерде жаңа теміржолдарды салған кезде, оның бойынан жан-жануарлардың өтетін тұстарына қатты назар аударады. Таяуда осы өңірге сапар барысында мыңдаған ақбөкендердің жаңадан салынған теміржолдарды кесіп өте алмай, теміржол маңын шиырлап қайта кетіп қалғандығының куәсі болдым. Жаңа теміржол желісі ақбөкендердің қалың топтарының Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыс­тарының теміржолдарының арғы бетінде қалып қоюына әкеліп соқ­тырды. Бұл мәселені Үкіметтің басқаруымен Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ шұғыл қолға алмаса, теміржолдардың жан-жануарлар өте­тін жайдақ тұстарын қайта қарап, көптеп келетін жерлерінің топы­рағын көтеріп, теміржолмен теңес­тірмесе, көтерем ақбөкендердің ана­лық­­тарының көктемгі суықтан қыры­лып қалуы ғана емес, төлдерінің де жапан далада жайрап қалуы әбден мүмкін. Ал көз алдарында өріп жүрген киіктерді көріп жүрген жергілікті тұрғындардың қызуқандылықпен оларды қырып салмасына ешкім де кепілдік бере алмайды. Ескендір ЕРТАЙ. сурет : http://pavlodarnews.kz/