• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2015

Инспекторға пара беруші ұсталды

289 рет
көрсетілді

Атырауда жылжымалы жедел басқару орталығының инспекторына пара бермек болған көлік жүргізушісінің әрекеті іске аспады. ««ВАЗ-21014» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, жол ережесін өрескел бұзған. Бірақ, әкімшілік хаттама толтыртпай, жауапкершіліктен қашу үшін инспекторға екі мың теңге көлемінде пара бермек болған. Ал мұны көріп отырған бейнебақылау инспекторы сол бойда бұл деректі Атырау облыстық ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлайды. Аталған басқарманың қызметкерлері 1978 жылы туған жүргізушіні бұлтартпас айғақпен ұстады. Қазір пара берушіні тиісті жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», деп хабарлады депар­таменттің баспасөз хатшысы Гүл­назира Мұхтарова. Оның мәлім етуінше, жыл басынан бері әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік қызметкерлері жолда жүру ережелерін бұзудың 13000-ға жуық фактісін анықтады. Тіркелген фактінің 7 мыңнан астамы жол ережесін өрескел бұзғандарға қатысты болып отыр. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы. сурет: http://alau.kz/