• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2015

Батыс Қазақстанда екі адам құлдықта ұсталған

279 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 26 ақпан. Орал қаласынан 600 шақырым қашықтықтағы Бөкей ордасы ауданында құлдықта ұсталған әкелі-балалы адамдар анықталды. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады. Мұнда екі адам заңсыз ұсталып, олардың қара жұмысқа еріксіз жегу деректері орын алған. Яғни, аталған екеу заңсыз түрде бас бостандықтарынан айрылған. Бұл жайт республикамыздың Қылмыстық кодексі бойынша қауіпті қылмыстар қатарына кіреді. Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеге қарағанда, тепсе темір үзердей ағайынды екі жігіт 64 жастағы ақсақал мен оның 30 жастағы ұлын жер аяғы қияндағы адам аяғы баса бермейтін қыстаққа алып кеткен. Содан кейін олар әкелі-балалы бейкүнә жандарды өз шаруашылықтарында қара жұмыстар жасауға мәжбүрлеген. Жәбірленушілердің сөзіне қарағанда, қыстақ маң далада, көзден таса жерде қоныс тепкен екен. Құлдықта ұсталғандар ұдайы бақылауда болған. Меншік иелері екеуін көздерінен еш таса қылмаған.Сондықтан да олардың қашып кетуілеріне ешқандай мүмкіндік болмаған. Құлдықта ұсталғандардың бақытына орай полиция қызметкерлері бұл жайтты ақпан айында анықтады. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір жәбірленушілерге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.Тергеу амалдары жүріп жатыр. Темір Құсайын. Дерек: еgemen.kz. Сурет: kazakhstanzaman.kz.