АТЫРАУ. 26 ақпан. Атырау облысында былтыр мемлекеттік органдар жалпы сомасы 15 млрд. теңгеден асатын әкімшілік айыппұл салу туралы 108 591 қаулы шығарған. Айыпұлдың 13 млрд. теңгеге жуығы өндіріліп, тиісінше, 2 млрд. теңге қалдық қалған. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасы хабарлады.
Прокуратура қызметкерлерімен жүргізілген тексерулермен уәкілетті органдар тарапынан бірқатар заң бұзушылық фактілері анықталды. Мәселен, прокурорлардың тексерулерімен сот орындаушыларына жолданбаған жалпы сомасы 202 954 726 теңгені құрайтын 539 әкімшілік материалдар анықталып, уәкілетті мемлекеттік органдар мен атқарушылық іс жүргізу органдарының тиісті түрде жұмыс істемейтіндігі, сонымен қатар, осы органдар арасында өзара іс-қимылдың нашар екендігі белгілі болды.
Өткен жылы мемлекеттік органдар жалпы сомасы 15 млрд. теңгеден астам болатын әкімшілік айыппұл салу туралы 108 591 қаулы шығарып, оның ішінде 13 млрд. теңгеге жуығы өндіріліп алыныпты. Ал өндірілмеген айыппұлдың қалдық сомасы – 2 млрд. теңге.
Әкімшілік айыппұлдарды өңдіріп алу деңгейі былтыр алғаш рет 78 пайызға жетті. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 34 пайызды құраған екен. Мемлекеттік кіріс органдарымен салынған айыппұлдар бойынша өндірілмеген соманың ең үлкен қалдығы 1,5 млрд теңге болса, ішкі істер органдарымен 100 млн. теңге, сот орындаушылармен 800 млн. теңгені құрап отыр.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: Атырау облысының прокуратурасы.