ҚОСТАНАЙ. 26 ақпан. Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы Мүктікөл ауылында жұмыссыз ер адамды бетон плита басып қалып, қаза болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Мүктікөл ауылындағы секілді қараусыз қалған мал кешендері әр жерде кездеседі. Осы ауылда тұратын 1974 жылы туған жұмыссыз бұрынғы мал фермасы болған кешеннің металл белтемірлерін жинауға барады. Ол темірлерді ажыратып алып жатқанда, бүйірдегі бетон плита басып қалады. Ауыл сыртындағы 1,5 шақырым жерде орналасқан тастанды мал шаруашылығы кешенінен бақытсыз жағдайға ұшыраған ер адамның мәйітін сол ауылдағы учаскелік инспектор тауып алады.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.