• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2015

Атыраудағы құрылыс саласында кемшілік жойылған жоқ

297 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 26 ақпан. Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құрылыс саласындағы кемшіліктердің әлі де жойылмай отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы egemen.kz. тілшісі хабарлады. Әкімнің мәлім етуінше, құрылыс саласындағы кемшіліктер Атырау қаласында да, аудандарда да кездеседі. «Көп үйлер уақытында тапсырылмады. Құрманғазы, Индер, Қызылқоға аудандары екі айда салып тастайтын үш бөлмелі, бір қабатты үйлерді екі жылдан бері әлі тапсырған жоқ. 60 пәтерлі 9 үй де аудандарда былтыр берілуге тиіс еді. Инженерлік-коммуникациялық желі мен үй құрылысы жоспарында сәйкессіздік бар. Бұл жерде кейбір құрылыс компаниялары мен жобалаушылардың да жауапсыздығын ақтап ала алмаймыз», деп Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жұртшылықпен кездесуде мәселені төтесінен қойды. Сонымен бірге, Атырау қаласындағы халықаралық әуежай маңынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге 90 жер телімі берілгеніне де тоқталды. Жер телімі неге ұшақтар ұшып-қонатын аумаққа таяу маңнан берілгені әзірге түсіндірілмей отыр. Бірақ, жер телімін алғандар арасынан 40 адам құрылыс жұмыстарын бастап жіберген. Әкімнің пікірінше, енді бұлардың барлығына қаланың басқа ауданынан жер телімі, ал тұрғын үй құрылысы жұмыстарын жүргізгендерге өтемақы берілуі қажет. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.