• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2015

Ынтымақтастыққа ынталылылық

250 рет
көрсетілді

Кеше Мәжілісте палата Төрағасының орынбасары С.Дьяченко Эстония Республикасының бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. .С.Дьяченконың атап өт­кеніндей, біздің мемлекетіміздің тәуел­сіздік алған күннен бастап Эстониямен байланысты да­мытуға баса назар аударуының нәтижесінде екі ел арасындағы түсіністік, сыйластық, өза­ра қолдау деңгейіндегі ықпал­дастық күннен-күнге қанат жайып келеді. Қазіргі уақытта Эстония – Қа­­зақстанның Балтық айма­ғын­дағы ең маңызды саяси және эко­номикалық әріптестерінің бірі. Тараптар қос мемлекет ара­сындағы сауда-эконо­ми­калық, транзиттік байланысты терең­детуге, соның ішінде, ауыл шаруашылығы саласы бойынша ынтымақтастықты күшейтуге айрықша көңіл бөлді. Делегация өкілдері өз­дерінің теңіз айлақтары арқылы Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуына көмектесуге және қос мемлекет арасындағы кәсіпкерлік саланы барынша қол­дауға дайын екендіктерін жеткізді. Осы ретте жоғары тех­но­логиялық бірлескен кәсіпорын жұмыстарын жолға қоюдың маңыздылығы зор болмақ. Осыған орай эстондық қонақтар бірқатар маңызды жобаларымен таныстырды. Өз кезегінде мәртебелі мей­ман Қазақстанның ерекше қар­қынмен дамып келе жат­қан мемлекет екенін сөз етіп, Эс­тонияның біздің елмен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ынталы екенін атап өтті. Жылы шырайлы жүздесу барысында тараптар қалыптасқан достық қарым-қатынасты одан әрі тереңдетіп, экономикалық әріптестікті нығайтудың мүм­кіндігі зор екенін алға тартты.
Соңғы жаңалықтар