• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:23

Аттестаттаудан өтпеген жеке сот орындаушылар лицензиясынан айырылады

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда жеке сот орындаушылары институтын жетілдіруге бағытталған заң жобасы мақұлданды. Құжат аясында жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын талаптарды күшейту және оларды бақылау тетіктерін жетілдіру көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Заң жобасына сәйкес, қолданыстағы жеке сот орындаушыларын заңнама мен Кәсіптік ар-намыс кодексін білу деңгейін тексере отырып аттестаттау енгізіледі. Бұл ретте қайта аттестаттаудан өтпеу лицензиядан айыруға негіз болады.

Сонымен қатар көмекшілер мен тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар қатаңдатылады. Атап айтқанда, соңғы үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылған тұлғаларды қызметке жіберуге шектеу енгізіледі.

Атырауда сот орындаушысы күдікке ілінді

Бұдан бөлек, әділет органдарының бақылау өкілеттіктері кеңейтіледі. Оның ішінде бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу және олар орындалмаған жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтата тұру құқығы қарастырылған.

Тағы бір маңызды норма – уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша жеке сот орындаушысының шоттары бойынша қаражат қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну міндеті енгізіледі. Бұл қаржылық ашықтықты арттыруға және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жалпы, қабылданған түзетулер жеке сот орындаушылары қызметінің сапасын арттырып, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді көздейді.

Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген

Соңғы жаңалықтар