• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2015

Маңғыстауда «Жедел жәрдем» жүргізушілері шу шығарды

342 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 27 ақпан. Ақтауда медициналық мекеме басшысы жедел жәрдем көлігін жеке шаруасына пайдаланған. Аталмыш көлік жүргізушілері осылай дейді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жүргізушілердің айтуынша, бірнеше жылдан бері жалақыны өсірмей, бір де бір рет сыйақы бермей жүрген басшылық «жедел жәрдем» көлігін тойға баруға, өлген адамның денесін шалғай ауылдардағы үйіне жеткізіп беруге, сондай-ақ балық тасу сынды өз жұмыстарына пайдаланады екен. Артық ақша жоқтығына байланысты сыйақы төленбегенмен, есепшілеріне сыйақы беріліп келген. Бес жыл бойы айлыққа тұрақты 65 мың теңге жалақы алып жүрген жүргізушілер бұл ақыға мемлекеттің де, басшының да жұмысын жасап жүргендігін айтуда. Қазір бұл мекемеде небары 17 көлік бар. Оның жеткіліксіз екендігін, яғни шақырту түскен жерге біраз күттіріп жететіні жұрттың жүйкесіне тиген. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: voxpopuli.kz.