• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2015

Атыраудағы комбинаттан 3,5 мың дана өнім шығарылады

417 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 26 ақпан. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы «Құралай» нан өнімдері комбинатынан тәулігіне 3,5 мың данаға жуық өнім шығарылады. Бұл туралы egemen.kz. тілшісі хабарлады. Қазақстанның Ресеймен шекаралас ауданындағы нан өнімдері комбинаты тәулігіне 3,5 мың данадай өнім шығарып, тұтынушының сұранысын үздіксіз қамтамасыз ету үшін 35 адамды жұмысқа қабылдады. Күн сайын азық-түлік дүкендеріне жіберілетін нанның бағасы 45-50 теңгеден сатылады. Нан өнімдері комбинатының директоры Тілекқабыл Жәкиевтің айтуынша, мектеп, балабақша асханаларына жеңілдетілген бағамен нан өнімдері тасымалданады. Сонымен бірге, комбинатта кондитерлік өнімдер шығаратын қондырғы да дамылсыз жұмыс жасап тұр. «Қазір Құрманғазы ауданы тұрғындарының 70 пайызын нан өнімдерімен қамтып отырмыз. Ресейден әкелінетін жаңа наубайхана желісі іске қосылғанда, өнім көлемін 2 есеге арттырамыз. Осыған орай еліміздің астықты өңірлерінен ұн алуға келісім жасадық. Сол себептен, қосымша 50 адамды жұмысқа қабылдауды да жоспарладық» дейді комбинат директоры Тілекқабыл Жәкиев. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: azh.kz.