• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2015

Қазалыда өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті

632 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 ақпан. Қызылорда облысы Қазалы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Татулық, достық – бірлікте» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазалы музейінің мәжіліс залында өткен шараға жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен қатар қалада тұратын орыс, өзбек, татар, неміс, беларусь және корей ұлтының өкілдері қатысты. Жиын барысында қонақтар Ассамблеяның оң жұмысын тілге тиек етіп, өз пікірлерін ортаға салды. Шара соңында мұражайды аралаған қонақтар әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты мұражай қорында сақталған өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін дәріптейтін тұрмыстық бұйымдардың және арнайы тігілген ұлттық киімдердің көрмесі ұйымдастырылды. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар