• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 16:02

Анасы қызына бүйрегін берді: Алматыда 800-ші трансплантация сәтті жасалды

Еліміздің жетекші хирургиялық орталығында 800-ші рет бүйректі трансплантаттау операциясын сәтімен атқарды. Бұл операция отандық трансплантология саласындағы айтулы жетістік қана емес, Қазақстандағы жоғары технологиялық медициналық көмектің даму деңгейінің жоғары екенін кезекті рет дәлелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Операция академик Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен өтті. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысымен ауыратын 14 жастағы қыз бала соңғы бір жылда перитонеалдық диализге аса тәуелді болған.

Қыз балаға өз анасы донор болды. Қызын аман алып қалу үшін анасы өзінің бір бүйрегін беруге шешім қабылдады. Алматылық дәрігерлердің жоғары кәсібилігінің арқасында операция сәтті өтті.

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Қазір пациенттің жағдайы бірқалыпты. Алда оңалту кезеңі күтіп тұр. Одан кейін ол толыққанды өмірге оралатын болады.

Соңғы жаңалықтар