Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды
Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
Коммерциялық тендер 2015 жылғы 29 сәуірде Астана қаласының уақыты бойынша 10.00 сағатта www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - тізілім) өткізіледі.
Коммерциялық тендерге мына төмендегі объектілер қойылады:
1. Ұйым атауы: «Жас өркен» ЖШС.
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғылы, 143, 509-кеңсе.
Қызмет түрі: Баспалық, редакциялық қызметтер; полиграфиялық өнімдерді өндіру, алу және сату; ақпараттық және жарнамалық қызметтерді көрсету және т.б.
Сатылатын мемлекеттік үлесінің мөлшері, жарғылық капиталдан пайызбен: 100 %
Бастапқы баға: 16 481 000 теңге.
Кепілді жарна: 2 472 150 теңге.
Тендер шарты:
1) Серіктестіктің негізгі қызмет бейінін 5 (бес) жыл бойы сақтау;
2) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес шетелдік жеке және заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға қатысуға болмайды.
2. Ұйым атауы: «Қазақ газеттері» ЖШС.
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғылы, 143, 521-кеңсе.
Қызмет түрі: Баспалық, редакциялық қызметтер; полиграфиялық өнімдерді өндіру, алу және сату; ақпараттық және жарнамалық қызметтерді көрсету және т.б.
Бастапқы баға: 19 580 000 теңге.
Кепілді жарна: 2 937 000 теңге.
Тендер шарты:
1) Серіктестіктің негізгі қызмет бейінін 5 (бес) жыл бойы сақтау;
2) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес шетелдік жеке және заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға қатысуға болмайды.
3. Ұйым атауы: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС.
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Брусиловский к-сі, 17/3.
Қызмет түрі: Баспа және полиграфия қызметі саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.
Сатылатын мемлекеттік үлесінің мөлшері, жарғылық капиталдан пайызбен: 100 %
Бастапқы баға: 50 000 000 теңге.
Кепілді жарна: 8 311 950 теңге.
Тендер шарты:
1) Негізгі қызмет бейінін 3 (үш) жыл бойы сақтау;
2) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес шетелдік жеке және заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға қатысуға болмайды.
4. Ұйым атауы: «Күзет» мамандандырылған күзет бөлімшесі» АҚ.
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Дүкенұлы к-сі, 23/1.
Қызмет түрі: Жеке және заңды тұлғаларға күзет қызметін көрсету.
Сатылатын акциялардың мемлекеттік пакетінің мөлшері, жарғылық капиталдан % және акциялар саны: 100 %, 742 370 жай акциялар.
Бастапқы баға: 410 000 000 теңге.
Кепілді жарна: 84 583 500 теңге.
Тендер шарты:
1) Негізгі қызмет бейінін 5 (бес) жыл бойы сақтау
2) 5 (бес) жыл бойы үлес және жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты мәмілелерді (қайта сату, кепілге қою, басқаруға беру және т.б.) тек мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімі бойынша ғана жасау;
3) Жұмыс орындарының санын 1 (бір) жыл бойы сақтау;
4) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 5-бабында және 17-1-бабында көрсетілген тұлғаларға қатысуға болмайды.
Коммерциялық тендерді өткізу тәртібі
Коммерциялық тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
Тендердi өткiзу кезінде комиссия ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары мәнді қамтитын және тендердiң шарттарын қанағаттандыратын қатысушыны тендердiң жеңiмпазы деп жариялайды.
Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын болса, онда осы қатысушылардың арасында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.
Егер тiркелген тендерге қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеді деп жарияланады.
Егер тендер өтпеді деп жарияланса, сатушы тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
Коммерциялық тендердің жеңімпазы коммерциялық тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері туралы электронды пошта арқылы хабардар етіледі.
Коммерциялық тендерде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні комиссияның барлық мүшелері мен коммерциялық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Коммерциялық тендер кезінде сатушы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушылардың электронды мекенжайларына коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хабарламаны жібереді, оған комиссия қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендердiң нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен жасалған сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Егер жеңімпаз коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы тендер нәтижелерінің күшін жою туралы актіге ЭЦҚ арқылы қол қояды.
Коммерциялық тендер қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады және 2015 жылғы 29 сәуірде 08.00 сағатта аяқталады.
Коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Коммерциялық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Сауда-саттыққа қатысу үшін тіркелу үшін акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеті сауда-саттыққа қойылатын акционерлік қоғам осы сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген акционерлік қоғамның акцияларына ие емес екендігін растауы тиіс.
Коммерциялық тендерге қатысушылар өтінімді мынадай:
1) мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сәтінде) үзінді-көшірмелерді;
2) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс пен бағалық ұсынысты;
3) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға (соттылығының бар (жоқ) екендігі туралы анықтама) сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді.
Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куәландырылған көшiрмелерін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Кепілді жарна мынадай: ЖСК KZ529261501102032004, «Қазкоммерцбанк» АҚ-да, БСК KZKOKZKX, төлем мақсатының коды 171, бенефициар коды 16, төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455.
Коммерциялық тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.
Қатысушының Қағиданың 23-1 және 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің дерекқорында арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Осыған байланысты, арнайы транзиттік шотқа кепілді жарнаның уақтылы түсуі мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті өтінім бергенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кепілді жарнаны төлеу ұсынымын жасайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің орналасқан жері: Астана қ., Жеңіс даңғылы, 11, 905-кабинет.
Коммерциялық тендер өткізу туралы қосымша ақпаратпен www.gosreestr.kz сайтында қарауға болады немесе 8 (7172) 717189, 717280 телефондары арқылы алуға болады.