• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2015

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

306 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ 2015 жылғы 14 сәуірде сағат 10.00-ден бастап www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде аукцион өткізу туралы  хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады (өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып) (бұдан әрі – Ереже). Сауда-саттықтың голланд әдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаменті» ММ теңгеріміндегі м/н Т 101 NS, 2002 ж.ш., Волга-Газ-3110-101 а/к. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 52. Алғашқы баға – 120 300 теңге. Бастапқы баға – 601 500 теңге. Ең төменгі баға – 60 150 теңге. Кепілді жарна – 18 045 теңге. 2. «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ теңгеріміндегі м/н Т 075 ВА, 2003 ж.ш., ВАЗ-21213 Нива а/к. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ., Интернационал к-сі, 60. Алғашқы баға – 308 600 теңге. Бастапқы баға – 1 543 000 теңге. Ең төменгі баға – 40 000 теңге. Кепілді жарна – 46 290 теңге. 3. «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ теңгеріміндегі м/н Т 001 АК, 2001 ж.ш., ГАЗ-3110-411 а/к. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ., Интернационал к-сі, 60. Алғашқы баға – 209 100 теңге. Бастапқы баға – 1 045 500 теңге. Ең төменгі баға – 27 500 теңге. Кепілді жарна – 31 365 теңге. 4. «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ теңгеріміндегі м/н Т 909 ВА, 2001 ж.ш., ВАЗ-21074 а/к. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ., Интернационал к-сі, 60. Алғашқы баға – 119 000 теңге. Бастапқы баға – 595 000 теңге. Ең төменгі баға – 20 000 теңге. Кепілді жарна – 17 850 теңге. 5. «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ теңгеріміндегі м/н Т 905 ВА, 2000 ж.ш., ВАЗ-21061 а/к. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ., Интернационал к-сі, 60. Алғашқы баға – 91 300 теңге. Бастапқы баға – 456 500 теңге. Ең төменгі баға – 15 000 теңге. Кепілді жарна – 13 695 теңге. 6. «ҚР АШМ АӨК МИК Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ теңгеріміндегі м/н Т 123 ВА, 2003 ж.ш., ВАЗ-21213 а/к. Орналасқан жері: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Совет к-сі, 191. Алғашқы баға – 152 800 теңге. Бастапқы баға – 764 000 теңге. Ең төменгі баға – 40 000 теңге. Кепілді жарна – 22 920 теңге. 7. «ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ теңгеріміндегі м/н 658КР15, 2005 ж.ш., ГАЗ-31105 411 а/к. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Тоқсан би көшесі, 39. Алғашқы баға – 268 000 теңге. Бастапқы баға – 1 340 000 теңге. Ең төменгі баға – 67 000 теңге. Кепілді жарна – 40 200 теңге. Сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер аукцион басталған сәттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы Ереженің 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азая­ды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша же­кешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді: Кепілді жарнаны алушы – «Ақпараттық- есептеу орталығы» АҚ; банк – «Қазкоммерцбанк» АҚ; ИИК KZ529261501102032004, БИК KZKOKZKX, БИН 050540004455; КНП: 171; КБе: 16, төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Бірыңғай оператордың шотына кепілді жарнаның уақтылы түсу мақсатында қабылдау аяқталғанға дейін үш күн кешіктірмей төлеуге кеңес береміз. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының Ережедегі 23-1 және 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болған жағдайда, тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нәтижелері бойынша тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электронды мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері электронды хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Петропавл қаласы, Совет көшесі, 34, 1-қабат, № 11 бөлме мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукцион өткізу жөніндегі қосымша ақпаратты 8 (7152) 46-05-84, 46-20-38 телефондары және www.gosreestr.kz сайты арқылы білуге болады.