АСТАНА. 28 наурыз. Оралда қаласындағы Лугавой көшесінде орналасқан жеке үйлердің бірінен өрт шығып, соның салдарынан бір ер адам қаза тапты. Бұл туралы mgorod.kz хабарлайды.
Таңғы сағат 8:00 шамасында тұтанған өрт үйдің бір бөлмесін шарпыған. Куәгердің айтуынша, аталмыш үйден түтіннің иісі шыққан. Бірақ ол үй иесі от жағып жатқан болар деп ойлапты. Себебі, қара түтін шатырдың дәл төбесінен будақтаған.
Оқиға орын алған жердің маңында орналасқан дүкеннің иесі 101 нөміріне хабарласып, өрт сөндірушілерді шақырған. Дер кезінде жеткен олар тілсіз жауды ауыздықтап, өртенген бөлмеден шамамен 65 жастағы ер адамның мәйітін тапқан. Ол өртенген үйдің иесі екен.
Қазіргі таңда тиісті орындар оқиғаның шығу себептерін анаықтауда.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: mgorod.kz.