• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2015

Қостанайға балауыз мүсіндер көрмесі келді

340 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 29 маусым. Қостанайға Санкт-Петербург қаласынан балауыз мүсіндер көрмесі келді. Онда қостаанйлықтар «Сталиннің», «Рузвельттің», «Черчилльдің» қасына отырып, суретке түсе алады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық тарихи-өлкетану музейіне орналасқан көрмеде қостанайлықтар әлемге танымал тарихи тұлғалармен – саясаткерлермен, императорлармен, патшалармен, өнер жұлдыздарымен, тіпті мультфильм кейіпкерлерімен «кездесе алады». Мысалы қостанайлықтар Иван Грозныйды І Петрді, П Екатеринаны, Романовтар отбасын, Сталинді, Рузвельтті, Черчилль мен и Че Гевараны айтпай таныды. Сонымен қатар, шоу бизнес жұлдыздары актер Дени Де Вито, музыкант, әнші Адриано Челентано, итальян актрисасы Джульетта Мазина және тағы басқалар да қостанайлықтар назарын ерекше аударды. Көрмеде «Хэд-лайнерлары» мультфильм кейіпкерлері болды. Шрэк, Маша, аңызға айналған қоян мен қасқырды балалар көп қызықтады. Көрмені қостанайлықтар тамыз айына дейін қызықтайтын болады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: kstnews.kz
Соңғы жаңалықтар